Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Шетелдік суретшілер Түркістан облысының табиғатын бейнелейді

2018 жылдың 23 шілде 2018 19:17

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында суретшілердің «KASKASU» халықаралық пленэрі басталды. «Тау самалы» демалыс аймағында өткен шараға әлемнің алты мемлекетінен және еліміздің барлық аймақтарынан суретшілер қатысып, өңірдің тамаша табиғатын қағаз бетіне түсірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және облыстық Бейнелеу өнері музейінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық қылқалам шеберлері келді. 5 күнге жоспарланған шарада суретшілер аймақтың бірнеше аудандарын аралап, көрікті мекендердің суретін салмақшы. Табиғаты тамылжыған аудандардан бөлек тарихи орындарды да аралап шықпақшы. Атап айтқанда Ордабасы төбе, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінде болып, Шардара су қоймасы мен Сырдария өзеніне барады деп күтілуде.



null


null


null

Пленэр барысында жасалатын 100-ге жуық көркемтуынды оңтүстік жұртшылығының назарына ұсынылады. Шілденің 27-сі күні айтулы шара қорытындыланып, арнайы көрме ұйымдастыру жоспарланған. Осы күні сондай-ақ «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шеберлік сабағы өткізілмекші. Бұл өз кезегінде түркістандық жас суретшілердің біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдамақ.



null

Жоғары қарай