Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Ақтөбе облысы биыл 510 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отыр

2018 жылдың 14 шілде 2018 21:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында құны 55 млрд теңге болатын 35 жоба қайта жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалық басқару және негізгі мақсаттық индикаторлар аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев актив кезінде әңгімеледі.

«Өнеркәсіп өсімін қамтамасыз ету мақсатында биыл 55 млрд теңгеге 35 кәсіпорынды жаңарту көзделіп отыр. Бүгінде аймақта шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 62,5 млрд теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалардың ішінде жел генераторларын өндіретін зауыттың құрылысы, газды кәдеге жарату жөніндегі цех, Ақтөбедегі мұз сарайы, сондай-ақ Хромтаудағы керамикалық өнім шығаратын зауытты қайта жандандыру жұмысы бар», - деп атап өтті облыс әкімі.

«Базалық индустрияландыру» бағыты аясында бүгінде облыста құны 76 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде ең ірілері - алтын руда комбинатының, керамогранит және құрылыс материалдарын өндіруші зауыттың құрылысы, Көктемгі-Аралчин мыс-колчедан кен орнын игеру жобалары.

Жалпы алғанда, жыл соңына дейін облыс 510 млрд теңге (былтыр 437 млрд теңге болған) инвестиция тартуды көздеп отыр. Оның ішінде 75%-ы - бюджеттен тыс, 35%-ы - сыртқы инвестициялар.

Жоғары қарай