Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Мәжіліс төрағасы Ақмола облысындағы бірқатар ірі әлеуметтік-өндірістік нысандарда болды

2018 жылдың 5 қаңтар 2018 13:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдараламаларында алға қойған міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарда болып, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мəжіліс төрағасы алдымен осыдан бірер жыл бұрын индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өңірдегі іргелі кәсіпорын «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамында болып, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру мен минералды су шығару процесттерімен танысты. Сондай-ақ, кәсіпорындар ұжымдарымен кездесіп, жұмыстары туралы сұрап білді.

«Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» серіктестігіне келетін болсақ, Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларының Қазақстан-Беларусь индустриалдық-технологиялық паркі» инвестициялық жобасы 2012 жылы қолға алынған еді. Ондағы мақсат - Беларусь елінің коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласының озық техникаларын елімізде құрастырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту.

Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін 2014 жылы Беларусь елінің «Минск трактор зауыты» ашық акционерлік қоғамы және отандық «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп, «МТЗҚ АИК» серіктестігін құрған болатын.

Кейін бұл жоба Индустрияландыру картасына енгізіліп, айы оңынан туды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша зауытта трактор тіркемесі, орақ бастыратын пресс, шөп орағыш, экскаватор, көтергіш сияқты 500-ден астам техника шығарылды. Ал, 2021 жылы бұл көрсеткішті 5 мыңға жеткізу көзделген. Шығарылған ауыл шаруашылығы техникаларына елімізде сұраныс жоғары. Өйткені, өнімнің ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін бағасы қолжетімді. Сапасы да техникалық талаптарға сай. Осылайша, кәсіпорын өндіріс көлемін жыл санап арттыра түсуде. 2012 жылы басталған бұл жобаның құны 4,7 миллиард теңгені құрайды. Соңғы 5 жылдың ішінде 1,6 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Ал, «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесуде Нұрлан Нығматуллин елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың барысы, заң шығарушылық жұмыстар және баспана, кадр мәселесі сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша қойылған сауалдарға құлақ түрді.

Әсіресе, Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын, оның ішінде инновациялық индустрияландыру туралы ақмолалықтарға түсіндіріп өтті. Мәжіліс төрағасы кәсіпорынның жоғары технологияны пайдалану, өндірісті жаңғырту бағытында табысты жұмысты атқарып отырғанын айта келе, жалпы, өңірдің агроиндустриалды әлеуеттін атап өтті.



null

Нұрлан Нығматулин еліміздегі өзгерістерге тоқтала келе, Қазақстанның Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде жеткен жетістіктерінің халықтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дегені сенімінің арқасында қол жеткізілгендігін айтып түсіндірді. Оған қоса, Мәжіліс төрағасы еліміздің ішкі саяси жетістіктерімен бірге, Қазақстанның БҰҰ ҚК-не мүше болып, Сирия жанжалын реттеу, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ислам мемлекеттері ұйымы тәрізді халықаралық ұйымдарға төрағалық еткенін атап өтті.

«Еліміздегі реформаларды түбегейлі жүзеге асыруда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында еліміздің жаңаруы, отандық экономиканы жаңғырту, қоғамдық сана мен рухани жаңғыру, ұлттық бірлік пен этносаралық және дінаралық түсіністік моделін қалыптасыру мәселелері назарға алынады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы Ақмола облысының жетістіктеріне де тоқталды. Өңірде индустрияландыру картасы шеңберінде құны 223 миллиард теңгені құрайтын 76 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7,7 мың жұмыс орны ашылды.

Алда әлі 11 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Құны 528,3 милларда теңге бұл жоблар жүзеге асырлыған кезде, қосымша 4,3 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Жоғары қарай