Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бизнестің көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді

2017 жылдың 24 қазан 2017 21:27 10436

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық кәсіпкер  Жұлдызай Арыстанбаева 6 пайыздық сыйақымен Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несие алды.

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Даму» қорына сілтеме жасап хабарлады.

 Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен бизнесвумен тігін цехын кеңейту жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда. Бірнеше жыл көлемінде Жұлдызай Арыстанбаева отбасымен бірге тігіншілікті меңгеріп, тапсырысқа киім, жалюзи және перделер тігумен айналысып келеді. Алайда ескірген құрал-жабдықтардың кесірінен кәсіпкерге үлкен көлемде тапсырыстар қабылдап, цехтың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету қиынға соқты. Осы мәселені шешу мақсатында ол «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары туралы ақпарат алды. КҚКО кеңесшісі Бағдат Жомартов бағдарламаның шарттарымен таныстырып қана қоймай, кәсіпкер жобасын қаржыландыруға Екінші деңгейлі банкке сүйемелдеу қызметін көрсетті.


null

Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы Жұлдызай Арыстанбаеваның жобасын қаржыландырып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6%-бен несие берді.Жеңілдетілген несие кәсіпкерге тігін цехын жаңа қондырғылармен жабдықтап, өнім өндірісін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Еске сала өтсек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша келесі Екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге болады: «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ.  Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты -сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез келген бизнес түріне беріледі. Несие бойынша сыйақы мөлшері 6 пайыз ғана.

Тоқталып өтер жәйт, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 54-қадамында: Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту мәселесін көтерген болатын. Сондай-ақ, жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді»,-деп нақты көрсеткен болатын.

 

 

Жоғары қарай