Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

ОҚО-да өнеркәсіп кәсіпорындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді

2017 жылдың 12 қазан 2017 16:04

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батырхан Құрмансейіт Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 3-ші бағытында көрсетілген индустрияландыру бойынша және даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады.

Басқарма басшысының мәліметінше, осы жылдың сегіз айында облыстағы кәсіпорындар 510,1 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсіптері 353 млрд теңгенің өнімі шығарған.

Сонымен қатар, Батырхан Құрмансейіт өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд теңгенің 49 жобасы іске асырылды. Онда 1 900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 37 млрд теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды», - деді басқарма басшысы.

Жалпы жылдың соңына дейін 34,7 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд теңгенің өнімін шығарды. Өңдеу өнеркәсібіндегі бұл үлесі 21 пайызға жетті.

Бұдан бөлек, Батырхан Құрмансейіт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция сомасы 34,3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Яғни бұл кәсіпорындар 22,7 млрд теңгеге өнім өндірсе, өндірілген тауарлар Германия, Англия, Корея, Түркия, Ресей сынды 15-тен астам елдерге экспортталған. Аталған аймақта осы жылдың соңында жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд теңге құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.




null

Жоғары қарай