Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қызылордада «Жастар-болашақ энергиясы!» атты облыстық еріктілер слеті өтті

2017 жылдың 4 қазан 2017 15:29

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырған «Жастар-болашақ энергиясы» атты облыстық еріктілер слеті өткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге созылған слет облыстық «Жас Отан» жастар қанатының жанынан құрылған «ЭКСПО-2017» еріктілер тобын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.



null

Еске сала кетсек, Қызылорда облысының «ЭКСПО-2017» еріктілер тобы 2014 жылы құрылып табысты қызмет атқарып келеді. Еріктілеріміз Астана қаласында өткен ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмеде тамыз айының 4 мен қыркүйек айының 10 күнге дейін еріктілік қызметтерін атқарған болатын. Облыстан аттанған 100 ерікті абыройлы қызмет атқарып, арасында 7 тимлидер шықты. Солардың бірі Ибрагим Рауан республикалық еріктілер форумында «Үздік ерікті» номинациясымен марапатталған болатын. Астана қаласында өткен еріктілер арасындағы футболдан турнирде, Сырдың еріктілері 2 орын иемденді. Еріктілер «ЭКСПО-2017» көрмесінің өту барысында тегін қызмет атқарды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында аталғандай еріктілеріміздің қызметі «Туған жерге» деген сүйіспеншілікпен отаншылдықтың бейнесі іспеттес.
Айта кетерлігі, Елбасы «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында» болашақ энергиясы тақырыбына да айрықша тоқталып өтті. Ондағы 59-қадамда: мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту мәселесін күнтәртібіне шығарды. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу жөнінде кеңінен тоқталған болатын.
Сондай-ақ слет аясында облыстық Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «ЭКСПО-2017» еріктілеріне арналып «Қазақстандағы еріктілер қозғалысы: өткені, бүгін, болашақ» және «Экологиялық ойлау» тақырыптары бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинарды еріктілер қызметін ұйымдастырудағы білікті маман, «ЭКСПО-2017» еріктілері республикалық штабы төрағасының орынбасары Дәурен Жолдасбаев өткізді. Семинар барысында Дәурен Жолдасбаев еріктіліктің қоғамдағы маңызына әрі қоғамдағы мәселелерді шешудегі эффективті жолдарының бірі екендігін түсіндірді. Екінші тақырып бойынша табиғаттың тазалығында еріктілердің қосатын үлесі зор екендігіне кеңінен тоқталды. Семинар соңында еріктілерге сертификаттар табысталды.



null
А. Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде «Жастар-болашақ энергиясы!» атты облыстық еріктілер слеті өткізілді. Слетке Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемов қатысып, еріктілерді құттықтап әрі Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың алғыс хаттарын табыстады. Мұнымен қоса еріктілер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Слетте қызықты концерттік бағдарлама қойылып, Сырдың жас жұлдыздары, атап айтар болсақ халықаралық «Атамекен» байқауының лауреаты, Арайлым Махамбетжанова ән шырқады.
Айтулы шарада еріктілерде өз өнерлерін ортаға салды, әрі еріктілер облыстық өлкетану мұражайына «ЭКСПО-2017» еріктілерінің киім үлгісін және үндеу хатын табыстады. Слет соңында еріктілер көтеріңкі көңіл-күймен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің гимнін бірге шырқады.



null

Жоғары қарай