Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Айыптаушы Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласына 9 жыл сұрап отыр

2016 жылдың 15 тамыз 2016 19:51

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде айыптаушы көлеңкелі қаражатты заңдастырды деген баппен айыпталып отырған Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласы Александр Поткинге жалпы режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрауда, деп хабарлайды Би-би-си.

«Жазаны түбегейлі қосқан кезде Поткинге жалпы режимдегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», - деп хабарлады прокурор Мәскеуде Мещанск сотында.

Сонымен қатар, прокурор БТА банктің 4,9 млрд. теңге сомасы бойынша азаматтық арызын қанағаттандыруды сұрады. Бұл өтінішті БТА банктің өкілі де қолдады. Бұл істе басты фигурант ретінде Францияда қамауға алынған БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әбіләзов жүруде.

Оны БТА банк салымшыларынан ұрланған қаражатын заңдастыру, сонымен қатар Қазақстанда билікті ығыстыру жолында экстремистік іс-әрекеттер ұйымдастыру фактісі бойынша айып тағылуда.

Айыпталушы өзінің кінәсін мойындамады. Поткин өзіне қатысты қылмыстық істі саяси себептермен байланыстырып отыр.

Поткин 2014 жылы 15 қазанда БТА банктің қаражатын жымқыру ісі бойынша ұсталған болатын. Кейін оған ұрланған қаражатты заңдастыруға атсалысты деген айып тағылды.

Жоғары қарай