Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Мәскеуде «Жібек жолы» раллиі Қызыл алаңнан басталды

2016 жылдың 8 шілде 2016 15:47

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин бүгін «Жібек жолы» халықаралық ралли-рейдінің қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлады ТАСС.

"Алдарыңызда техника мен адамның қасиеттерін сынайтын мыңдаған шақырымдық ұзақ жол бар. Қазіргі бағыт көне Жібек жолымен, үш достас мемлекет - Ресей, Қазақстан және Қытай елдері аумағымен өтеді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы Кремльдің сайтында жарияланған құттықтауында.

Путин раллиге қатысушыларға сәттілік тілеп, олар «біліктілік, тұрақтылық және жеңіске деген ынтасын» көрсететініне сенім білдірді. "Сәт сапар!", - деп түйіндеді Президент.

Ралли Қызыл алаңнан басталды. Қатысушылар 10 мыңнан астам шақырымды бағындырмақ. Олар 15 қала арқылы жүріп өтіп, екі аптада бір күн демалады. Ралли-рейд 24 шілдеде қытай астанасындағы Тяньаньмэнь орталық алаңында мәресіне жетеді деп жоспарланған. Жеңіс үшін Стефан Петерансель, Себастьян Леб, Сириль Депре сияқты әлемдік ралли бойынша үздіктер бақ сынасады. Жарысқа барлығы 110 жол талғамайтын көлік пен 27 жүк автомобилі, оның ішінде "КамАЗдар" қатысады.

Ралли алғаш рет 2009 жылы өткен. Жолбағыт Қазан мен Ашхабад аралығында болды. Одан кейінгі үш жыл қатарымен ралли қатысушылары Солиден Геленджикке дейінгі қысқа жолмен жүріп өтті, ал 2013 жылы жолбағыт Мәскеу мен Астрахан аралығында өтті. 2014 және 2015 жылдары ралли өткізілген жоқ. Көптеген қатысушылардың пікірінше, биылғы Жібек жолы» жолбағыты «Дакардан» да күрделірек.

Басты сөздер: Әлем, Көлік, БАҚ,
Жоғары қарай