Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

БАҚ Головкинді онжылдықтың ең қауіпті де айбарлы боксшысы деп атады

2016 жылдың 29 маусым 2016 18:32 2644

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Шолушы Эрик Сэддлер Boxingnewsresults.com сайтына арналған материалында Геннадий Головкинді онжылдықтың ең айбарлы боксшысы деп атады, деп хабарлады Sports.kz.

«WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін көріп, оның соңғы 2006-2016 жылдардағы бокстағы ең айбарлы да қауіпті боксшы деп санаймын.

Бұған қарсы келетін ешкім  жоқ шығар, себебі ол жекпе-жекте жеңіп қана қоймайды, сонымен бірге Головкин стильді нокауттарымен ерекше. Оны Роман Гонсалес, ауыр салмақтағы чемпион Деонтей Уайлдермен салыстырып қажеті жоқ, себебі олар әлсіз қарсыластарды ғана нокаутқа жіберді. Головкин 2010 жылдан бастап әр қарсыласын нокаутпен жеңіп келеді.

GGG 160 фунттағы боксшылар онымен айқасудан қашқаннан кейін үздік болып тұр деп айтуларың мүмкін. Головкинмен рингке шыққысы келетіндер бірінші орта және екінші орта дивизиондағылар. Себебі бұл санатта Сауль Альварестен басқа, басқасының қомақты ақшаға айқас өткізу мүмкіндіктері жоқ.  Ал Канело бірінші орта салмақтағы дарынды өкілдер -  Деметриус  Андраде, Чарло немесе Эрсиландо Лара сияқтыларды айқасқа шақыра алмайды.

Канело Дениэль Джейбокс сияқты  GGG-ге таяу 1,5 жарым жылда жұдырықтаса алмайтынын ұғындырғандай болды. Егер олар Головкинмен бір жылдан кейін айқасқа шығам десе түсінер едім. Бір жарым жыл? Бұл не? Күлкіңді келтіреді. Бір жағынан бұл құрмет белгісі. Канело мен Джейкобс әзірге айқасқа дайын емес екендерін сезеді. Олар Головкиннің күш-қуатының азайғанын күтуде.

Егер Головкин келесі жылы жоғары деңгей көрсетсе, олар тағы бір жылға шегеруі ғажап емес. Головкин қазір 34-те, олар соза түссе, өздеріне жақсы болады», - деп жазды автор. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Әлем, БАҚ,
Жоғары қарай