Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Арнайы комиссия оқ-дәрі қоймаларын тексеруді бастады - Қорғаныс министрлігі

2019 жылдың 8 шілде 2019 15:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен құрылған арнайы комиссия оқ-дәрі қоймаларын тексеруді бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия оқ-дәрілерді сақтау саласында арнаулы техникалық білімдер мен тәжірибеге ие жоғары білікті әскери мамандардан құралған.

Ол әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен базаларындағы зымыран-артиллерия қаруын, оқ-дәрілерді сақтауға байланысты командалық лауазымдарда қызмет атқарған. Соның ішінде ҚР ҚК Құрлықтағы әскерлер бас қолбасшысының орынбасары (2004-2005) лауазымын атқарған запастағы генерал-майор В. Назаренко және ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-мобилизация жұмыстары департаментінің бастығы болған (2016-2018) запастағы генерал-майор М. Даиров бар.

Тексеріс кезінде комиссия оқ-дәрілерді сақтау тәртібін, жағдайларын, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын ескереді. Бұдан бөлек, жер-жерде іс жүзінде көмек көрсетіліп, оқ-дәрі сақтау нысандарының қауіпсіздігін күшейту шаралары айқындалады.

Жоғары қарай