Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Арнаулы жиын қатысушыларына әскери шен беріле ме

2020 жылдың 10 сәуір 2020 15:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда арнаулы әскери жиын қатысушыларына әскери шен беріледі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кезекті әскери шен беріледі. Бірақ, оның жиыннан өту қорытындысы бойынша берілетінін ескерген жөн. Оны тиісті қолбасшылық белгілейді және солардың өтінішімен жергілікті әскери басқару органдары шешім қабылдайды», - деп түсіндірді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, спикер әкімдердің өз аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, стратегиялық нысандар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтық қорғау шараларын өткізуге міндетті екенін атап өтті.

«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтқандай, жергілікті атқару органдарының басшылары жиын өткізу бойынша жағдайға қарай дербес шешім қабылдайды. Аумақтық әскер Қарулы Күштер құрамына кіреді, бірақ олар нақты өңірдің мүддесіне қарай тиісті міндеттерді атқаруы керек», - деді Серік Боранбаев.

Айта кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.

Арнаулы жиын Қазақстанның бірнеше өңірінде ғана жүргізіледі .

Қазіргі уақытта республика бойынша 473 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған.



Жоғары қарай