Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

АрМИ-2019: Қазақстан «Танк биатлонының» жартылай финалында Қытайды артта қалдырды

2019 жылдың 11 тамыз 2019 03:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Танк биатлонынан» жартылай финалдық эстафетаның нәтижесі бойынша Қытай, Әзербайжан және Сербия командаларымен бір топта болған Қазақстан құрамасы 1 сағат 49 минуттың ішінде мәреге бірінші болып жетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эстафетаны бірінен соң бірі үш экипаж өтті. Олардың әрқайсысы кедергілерді еңсерді, нысаналарды жоя отырып, 4 айналымнан жасады.





«Ауа райының нашарлығына қарамастан, әрбіріміз барынша күш-жігерімізді салдық. Және жақсы нәтиже көрсете алдық», - деді аға лейтенант, екінші экипаждың командирі Феруз Тулабаев.

«Эстафета» конкурсының жартылай финалдық кезеңі табиғи және жасанды кедергілерден, жауынгерлік жолақтардан, атуға арналған алаңдар мен учаскелерден, айып уақытына арналған алаңнан тұрады. Онда бір командадан үш танк экипажы бір техникамен өнер көрсетеді. Әрбір экипаж төрт айналым жасап, жолындағы кедергілерден өтеді, нысананы жояды. Эстафета барысында танкілік пушкадан оқ ату жүріс барысында орындалады. Қосарланған және зениттік пулеметтен – атуға арналған алаңнан тоқтап тұрған күйінде атылады.

Жоғары қарай