Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Арман Жүдебаев: Елордамызға Тұңғыш Президентіміздің есімі берілуі - тарихи оқиға

2019 жылдың 21 наурыз 2019 15:59

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арқаның төсінде көрсең көз тоятын астанамыз бой көтерді. Еліміздің орталығы мен солтүстік аймағында қаракөздеріміздің үлесі артты. Тұңғыш Президентіміздің сол көрегендігі үшін елордамызға Елбасының атын беру туралы шешім өте орынды деп есептеймін. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев осындай пікір білдірді.

«Елордамыздың Тұңғыш Президентіміздің атымен аталуы тарихи оқиға болып тұр. Әлем тарихында оның мысалы бар. Солардың бірі АҚШ-тың қазіргі бас қаласы - Вашингтон. Тәуелсіздік алған алғашқы уақытта әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалымыз өте қиын 90 жылдары елордамызды сол кездегі Ақмола қаласына көшіру туралы Нұрсұлтан Әбішұлының шешіміне көпшілік қолдау білдірмеп еді. Тәуелсіз Республикамыз үшін жасаған басқа істерін айтпағанда, қазіргі таңда сол шешімнің Қазақ елінің егемендігінің нығаюына, жер тұтастығының сақталуына кепіл болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді», - деді ЖОО басшысы.

Сондай-ақ, Арман Жүдебаев Астанаға ҚР Тұңғыш Президентінің есімін беру орынды шешім екенін атап өтті.

«Арқаның төсінде көрсең көзің тоятын Астанадай елордамыз бой көтерді. Еліміздің орталығы мен солтүстік аймағында қаракөздеріміздің үлесі артты. Тұңғыш Президентіміздің сол көрегендігі үшін елордамызға Елбасының атын беру туралы шешім өте орынды деп есептеймін», - деді ол.

Жоғары қарай