
Еуропа лигасы: Бірінші кезеңінен кейін «Қайрат» жеңіліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат- Футболдан Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар өтіп жатыр. Алматының «Қайраты» Чехияда Оломоуц қаласының «Сигма» командасымен кездесіп, бірінші кезеңнен кейін 0:1 есебімен жеңіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдан 111 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 9 тамызда Алматы уақытымен 20 сағат 44 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетаулықтар Қазақстан туралы ресейлік кинорежиссердің фильмін тамашалады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар ресейлік кинорежиссер Радик Кудаяровтың Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу жолдары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін құрудағы басты рөлі мен заманауи Астананың даму кезеңдері туралы «Назначенный временем» атты екі бөлімнен тұратын деректі фильмін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыдағы айналма жол құрылысы: Қайың орманды қалай сақтап қалуға болады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімдігінде өткен баспасөз-конференциясында «Оңтүстік-Орталық» көлік дәлізінің солтүстік-шығыс айналма жолының «Қарағанды-Теміртау» бөлігі өтетін Шағын қайың орманы туралы айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда «Диснейлэнд» салынбақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында салынатын «Happy Land» отбасымен көңіл көтеру паркінің құрылысына инвесторларды іздеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің директоры Жандос Оразалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салымшылардың 120 млн теңгесін ұрлаған банкирлер сотталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Облыстық ІІД тергеушілерінің кәсіби шеберлігінің арқасында салымшылардың депозитіндегі ақшаларын иемденген банк қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеті әшкере болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Колледж емтиxандары тікелей эфир арқылы көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі колледж гранттарын тарату шарасын бақылауға кірісті. Агенттік барлық азаматтарды осы жұмысқа атсалысуға үндеп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай