Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53
Елбасы Үкіметтің басты міндеттерін белгіледі АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жыл Қазақстан үшін берекелі болды десек,  қателеспейміз. Себебі экономика дамудың тұрақты траекториясына шығып, бұл ретте халықаралық рейтинг агенттіктері елімізге өздерінің оңтайлы бағалауын беріп те үлгерді. Атап айтқанда, Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызға жеткені экономиканы бір серпілтіп тастағаны анық. Өсімнің 60 пайызы шикізаттық емес секторлардың есебінен қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақтылығы мен оның құрылымының өзгергендігін аңғартады. Нақты мәліметтерге сүйенсек, сыртқы сауда айналымы 25 пайызға артып отыр, яғни 65,5 млрд долларға дейін. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,5 пайыз деңгейіндегі өсімді көрсетті. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан экономикасындағы негізгі көрсеткіштер талқыланып, Министрлер кабинетіне тың тапсырмалар берілді. Осы орайда бұл жиында көтерілген мәселелерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
ары қарай
Жоғары қарай