
Павлодар облысының әкімі бөлген 200 грантқа бір күнде 93 өтініш түскен
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының жергілікті бюджет есебінен 200 маманды дайындауға бөлген гранттарға бір күнде 93 адам өтініш берген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақтөбелік қызының құлағындағы имплантатты жөндеу үшін екінші мамандықты игерді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбелік Мәрзия Мұхамбетьярова қызының құлағындағы кохлеарлы имплантатты өзі жөндейді. Ол еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз қызмет көрсету орны үздік әлеуметтік жоба атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шипажайда демалушылар пандустың жоқтығына шағымданды - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының «Текелі» шипажайында демалушылар ғимараттың ішінде мүлдем пандустың жоқтығына шағымданды. Ал бұл жерге көбіне мемлекет тарапынан берілген арнайы жолдамамен мүмкіндігі шектеулі жандар келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мексиканың әйгілі боксшысы Головкиннің кемшіліктерін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт салмақ санатында бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Хуан Мануэль Маркес қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бәйдібектік шаруалар электронды карта арқылы жеңілдіктерге ие болуда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр.Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында 100-ден аса адам судан құтқарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында суға шомылу маусымы басталғаннан бері жағажайларда аумақтық ТЖД мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп 1041 алдын алу шарасын өткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД-нің төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы Олег Малюк айты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны бөлу бойынша келісімге келді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ферғана қаласында 1-7 тамыз күндері қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегациялар жұмыс топтарының кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ХҚКО-ларға барған мемқызметшілер жазаға тартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анықтама үшін мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармауы тиіс. Бұл туралы бүгін елорда Астана әкімдігінде өткен жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрақты жұмысы жоқ 3,7 мың қазақстандық шағын несие алды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Қазақстан Президентінің төртінші әлеуметтік бастамасы аясында жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға шағын несие беруге бағытталған жұмыстарға оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Ерсайынұлы Шайхутдиновқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Ертең қазақстандық мұсылмандар қажылық сапарға аттанады
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардың жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Бангладештегі елшісі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай