
Астана-Шарджа рейсінің жолаушылары екінші мәрте ұша алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңертең кейінге шегерілген Астана-Шарджа рейсінің жолаушылары 16 сағаттан кейін елордадағы әуежайдан Біріккен Араб әмірліктеріне екінші мәрте ұшуға әрекеттері сәтсіз болды. Бұл туралы осы рейстің жолаушысы ҚазАқпарат тілшісіне хабарлады.

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішінде орталық та, жергілікті де атқарушы органдарда айта қоярлықтай ірі кадрлық ауыс-түйіс орын алған жоқ. Дегемен, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілінің орынбасары және тағы да бірен-саран өзгерістер болды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері өз еріктерімен қан тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған гарнизонында 100-ге жуық әскери қызметші «Мен - донормын!» акциясы шеңберінде Алматы облысының қан құю орталығының тұрақты донорлары атанды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан қалаларының ауасы лас па
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан бірнеше күн бұрын «Қазгидромет» РМК 2018 жылдың басында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжамын жария ететіндігін хабарлаған болатын. Осыған орай ҚазАқпарат аталған кәсіпорын мамандарымен жолығып, қолайсыз метеорологиялық жағдай болжамы қалай алынатындығын және оның қазақстандықтар үшін қандай пайдасы бар екендігін білген еді.

Терроризмді насихаттаған жəне діни алауыздықты қоздырған екі адам ұсталды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Терроризмді насихаттағаны жəне діни алауыздықты қоздырғаны үшін Ақмола облысының екі тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде, тергеу шаралары аяқталып, іс сотқа жолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілдің жұтаңданып бара жатқанына қатты алаңдаймын - Серік Тұрғынбекұлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық рух пен сананың кемелденуіне, дәстүріміз мен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, төл әдебиетті дамытуға баса назар аударылады. Осы орайда, өзінің лирикалық шығармаларымен қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып жүрген қаламгерлер жетерлік. Солардың бірі - белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы ұлттық рух, қазақы тәрбие тақырыбында «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берді.

Рәпіл Жошыбаев қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары қызметінен босатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай