Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51
Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржолшылары миллион контейнер тасымалдауға әзір АСТАНА. ҚазАқпарат - 1520 кеңістігіндегі түрлі елдердің теміржолдарын үйлестіру және мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері тақырыбы Ресейдің Сочи қаласында өткен «PRO//Қозғалыс.1520» Халықаралық көлік-логистикалық форумының іскерлік бағдарламаларының басты тақырыбы болды. Форум аясындағы «PRO ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: Ортақ күш салу арқылы А нүктеден В нүктеге дейін жеткізу арзанырақ, жылдамырақ әрі сенімдірек» тақырыбындағы пікірталаста теміржол көлігі саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Пікірталасқа демеушілік еткен «Еуразия теміржол альянсы - Бірлескен көлік-логистикалық компания» АҚ (UTLC ERA) ЕАЭО елдерінің теміржол инфрақұрылымындағы транзиттік контейнер тасымалын арттыруды мақсат еткен. Форум аясында ҚазАқпарат тілшісі UTLC ERA президенті Алексей Громмен Қазақстан арқылы транзиттік тасымалды дамыту болашақтары, оның трансконтиненталдық тасымалдардағы рөлі туралы сұхбаттасты.
ары қарай
Жоғары қарай