Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 334.11
EUR 394.65
RUB 5.81
CNY 50.46
«Astana Digital Forum»: Халықтың өмірі қалай өзгереді АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде адам өміріндегі ақпараттық теxнологиялардың рөлі күн өткен сайын күшейіп келеді. Бұрын жалақыны кассадан алсақ, қазір үйден шықпай-ақ ол жалақыны жұмсап, кез келген тауарды сатып алуға болады. Үйге дейін жеткізу қызметі де бар. Сол сияқты вокзал мен әуежайға бармаса да болады. Себебі электронды билет сату қызметі бар. Таксиді телефонсыз шақыртуға мүмкіндік бар. Осылайша, цифрлық теxнологиялар күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертіп отыр. Дәл осы процесті тоқтату мүмкін емес. Ал цифрландыру үдерісі жұмыссыздыққа қалай әсер етеді? Нағыз «Цифрлық Қазақстан» қандай болуы қажет? Қазақ тілді аудиторияның ақпараттық теxнологияларды пайдалану жайы қалай? Жалпы, қазақстандықтар цифрландыруға дайын ба? «Astana Digital Forum»-да аталған мәселелер кеңінен талқыланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай
Жоғары қарай