
Ақтөбеде Гиннестің рекордын жаңарту үшін 4 мыңнан астам адам қан қысымын өлшетті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының Денсаулық саябағында Гиннестің рекордын жаңарту үшін 4 мыңнан астам адам қан қысымын өлшетті. Барлығы 500 медицина қызметкері алдын ала дайындалып, адамдарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай жұмысты тек ұлы көшбасшы еңсереді - Армения мен Молдова президенттері Назарбаев жайлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Республикасының президенті Армен Саркисян мен Молдова Республикасының президенті Игорь Додон Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы мен оның атқарған жұмысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайрамда 10 мың ірі қара бордақыланатын кешен салынып жатыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сайрам ауданында бір мезетте 10 мың ірі қараны бордақылайтын кешен салынуда. «Нұрым Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау кешенінде құрама жем шығаратын цех және мал сою алаңы да қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиеев: Нұрсұлтан Назарбаевпен болған әр кездесу - мен үшін өнеге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев уақыт пен тағдыр өзіне әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз ынтымақтаса отырып, жұмыс жүргізуге болатындай бірегей мүмкіндіктерді сыйға тартқанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Владимир Путин: Астана - Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор жұмысының жемісі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Қазақстанның елордасы ретінде қалыптасуы - Қазақстанның ғана емес, бүкіл аймақтың өміріндегі жарқын оқиға деп атауға болады. «Хабар» арнасындағы Ерлан Бекхожиннің «Ұлы даланың астанасы» атты деректі фильмінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин осылай деп атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірқатар тағайындаулар жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ұжымға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының жаңа орынбасарларын және Астана қаласы мен Ақтөбе облысы бойынша ұлттық бюроның департамент басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың 20 жылдығына орай Атырауда салтанатты жиын өтті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Астананың 20 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиналған қауымды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Астананың 20 жылдығымен салтанатты жағдайда құттықтады.

Ақтауда Нұрмұхан Жантөринге ескерткіш орнатылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында Астана қаласының 20 жылдық мерекесі қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚазКСР-дың Халық әртісі, танымал актері Нұрмахан Жантөринге алып ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір топ ақмолалық «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысының əкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Астананың 20 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтіп, онда бір топ ақмолалықтар «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атыраудың Жылыой ауданында қос балабақша пайдалануға берілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құлсары қаласында Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қос бірдей әлеуметтік нысан халық игілігіне берілді. Алдымен «Барлаушылар» ықшамауданында 290 балаға арналған «Бүлдіршін» балабақшасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті зардап тигізетін ақпараттан балаларды қорғайтын заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді белгілеуге бағытталған «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай