
Алматы-Талдықорған тас жолындағы оқиғаға байланысты заңгер пікір білдірді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Талдықорған тас жолында «Крис П» фоторадар кешені үшін полицейлерге талап қойған көлік жүргізушінің әрекетіне орай заңгер Есімбол Мамырқанов пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үрейленеді екенсің - Таиландта демалып жатқан қазақстандық жұлдыздар «Пабук» дауылы жайлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд халқы алда келе жатқан «Пабук» дауылына тас-түйін дайындалып жатыр. Соңғы жылдары тіркелмеген қатты дауыл алдындағы тыныштық жайлы сол елде демалып жатқан қазақстандық танымал адамдар әсерімен бөлісуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлер өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы павлодарлықты ұстады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні орын алған оқиға жөнінде павлодарлықтар әлеуметтік желі арқылы білген. Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына ұсынған жауапта облыстық полиция департаменті қайғылы ақпаратты растады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Пиротехникамен ойнаған балалары үшін ата-аналар жауапқа тартылуда
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мереке күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен құтқарушылары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, лицензияланбаған пиротехникалық бұйымдарды анықтап, тәркілеп отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда жол апаттарынан 83 адам көз жұмды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жаңажылдық мереке күндері 12 жол-көлік апаты болып, салдарынан 26 адам зардап шекті. Бұл туралы Жол патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Біржан Жұмабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде жәрдемақылар көлемін белгілеу тәртібі өзгеруі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан, асыраушысынан айырылған және жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін жәрдемақы үштен бір бөлікке өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Декларацияны дұрыс толтырмаған Грузия шенеуніктері жауапқа тартылып жатыр
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Грузияда 2018 жылға мүліктік декларациялардың дұрыс толтырылуына тексеріс жүргізіліп, бірқатар шенеуніктің заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Олардың арасында қалалар мен аудандардың мэрлері, парламент мүшелері, тіпті судьялар да бар. Бұл туралы «Грузия жаңалықтары» ақпарат агенттігі хабарлады.

Қазақстан азаматтығына қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Теңіз дауылынан қашқан Таиландтағы туристер аралдарда адасып кеткен - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Пабук» тропикалық дауылының жақындауына байланысты мыңдаған турист Таиландтың курортты аймақтарынан кетіп жатыр. Дауыл өзімен бірге нөсер жауын, құйынды жел және 22 футтық толқын әкеледі деп күтілуде. Бұл туралы бейсенбі күні ел шенеуніктері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы-Талдықорған тасжолындағы оқиға желіні шулатты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Талдықорған тасжолында көлік жүргізуші жол жиегінде тұрған полиция қызметкерлеріне шүйлігіп, «Крис П» фоторадар кешенін алып тастауды талап етті. Өз әрекетін камераға түсіріп отырған азаматтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының тұрғындары отшашу атам деп мал азығын өртеп жіберді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары отшашу ату барысында мал азығын өртеп алды. Бір оқиға Райымбек ауданының Көмірші ауылында орын алса, екіншісі Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис Тен өлімі: Адвокат полицейлерді жазалауды сұрады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Спортшы Денистің анасы Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Өстеміров күдікті Арман Құдайбергеновтың бұған дейін жасаған қылмысын тергеген полиция қызметкерлерін жауапқа тарту туралы арызданды. Бүгін Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай