Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51
«Рухани жаңғыру» жаңа мазмұн, жаңа бағытпен толыға түседі АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиын негізінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың және бағдарламаны басқару кеңсесінің қызметін ұйымдастырудың нәтижелерін талқылауға арналған болатын. Жиынды ашқан Әсет Исекешев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жақында жарияланған Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру аясында ерекше маңызды екеніне тоқталды. Сондықтан да, Президенті Әкімшілігінің басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтырудың маңыздылығын атап өтті.
ары қарай
Жоғары қарай