
ҚР Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлықты шектеу мәселесі талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Шымкент базарларында электронды үкімет порталының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электронды үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында «Қырғы» және «Айна» сауда базарларында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істей бастады.

Қазақстан малдың өңделмеген терісін экспортқа шығаруға тыйым салады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ірі қара малының өңделмеген терісін экспортқа шығаруға 6 айға тыйым салатын болады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана жастарына әскерде келісімшартпен қалай жұмыс істеуге болатыны түсіндірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері халыққа келісімшарт бойынша әскерде қызмет ету жөнінде ақыл-кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай полициясы интернет-алаяқтардан сақтануға шақырады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қостанай облысында интернеттегі алаяқтық іс-әрекеттермен байланысты 353 қылмыс тіркелген. Қылмыстан келген шығын сомасы 2 мыңнан бастап 10 миллион теңгеге дейін, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жаңа дәстүрлі музыка фестивалі көрерменге жол тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл еліміздің барлық аймағында «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өткізіліп, ұлттық өнеріміз ұлықталады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компьютер адамнан ақылды бола ала ма? - Vox
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда көпшілігі жасанды интеллектінің жылдам дамуына алаңдап, оның қауіпті екенін жиі айтып жүр. Стивен Хокинг бір сөзінде «Жасанды интеллектінің дамуы ақырзаманға әкеледі» десе, Илон Маск жасанды интеллектіні адамзатқа төніп тұрған ең үлкен қауіп деп атаған. Тіпті, Оксфорд, Калифорния университеттерінің ғалымдары да жасанды интеллектіні дұрыс пайдаланбау Жер жарындағы өмірдің ақырына алып келетінін алға тартуда. Дегенмен, бұл проблема компьютер пайда болғаннан бері айтылып келе жатқаны белгілі.

Жастардың Отанына қызмет ететін уақыты келді - Тұрсын Нұрхан
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Егемендік алған жылдары мемлекет бізге қызмет етсе, қазіргі таңда біз, жастар Отанымызға қызмет ететін уақыт келді. «Ділмар-КУАМ» пікірсайыс клубының үйлестірушісі Тұрсын Нұрхан осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испанияда терең құдыққа түсіп кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Малага провинциясында 100 метрлік құдыққа түсіп кеткен 2 жасар Юленді іздеу операциясы аяқталды. Бүлдіршіннің денесі арада 13 күн өткенде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай