
Ақмолалықтар жемқорлық туралы онлайн режімде хабарлай алады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Есбол Кенжалин журналистермен брифинг өткізіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионы «Оман турының» екі дүркін жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионы былтырғы «Оман туры» танымал жарысындағы дебюттік жеңісінен кейін Оман көпкүндігінде ең үздік деп танылды. Бүгін «Астана» велошабандозы «Оман туры» жеңімпазының екінші титулын иеленді, деп хабарлайды sports.kz.

СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте алғаш рет электрондық коммерция орталығы ашылады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте электрондық коммерцияны дамыту ісі қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазпочта» АҚ және «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумы түзілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дариға Назарбаева Еуроодақтың Орта Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенаттың Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианмен кездесті, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

СҚО-дағы екі зауытта қосымша 150 жұмыс орны ашылады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Петропавл қаласына жұмыс сапары кезінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындарына - Киров атындағы зауыт (КаЗ), Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЗ) және «ЗИКСТО» АҚ-на барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш пен Данэлия бүкіл әлемді таңғалдырды - Арыстанбек Мұхамедиұлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Американың The World's Вest байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованы келесі кезеңге өтуімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналықтардың үй мәселесін тек бюджет есебінен шешу мүмкін емес - әкімдік
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналықтардың баспана мәселесін бюджет қаржысымен, коммуналдық тұрғын үй қорының есебінен шешу мүмкін емес. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпарат және коммуникациялар саласында қандай өзгеріс күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі биыл біраз іс-шараларды іске асыруды жоспарлап отыр. Мәселен, елімізде 5G желісі сынақтан өткізіледі. Соның арқасында фильмдерді бірнеше секундтың ішінде жүктеуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, мемлекеттік сайттардың барлығы жабылуы ықтимал. Ал әкімдердің жұмысы «Ашық аймақ» жобасы аясында бағаланады. Сонымен қатар министр Дәурен Абаев «Astana Hub» теxнопаркіне 26 есе (!) артық инвестиция тартамыз деп отыр. Отандық телеарналардың жаңа рейтингі енгізіледі. Сондай-ақ, ХҚКО-ларда xалықтың сауатсыздығын пайдаланып, ақша тауып жүрген делдалдарды барынша азайту көзделген. Аталған мәселелердің бәрі жақында министрліктің алқа мәжілісінде кеңінен қаралды. Енді соларға жекелеп тоқталсақ.

Аустралияда парниктік газдармен күресу үшін 1 млрд ағаш отырғызылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияда алдағы 30 жылда 1 млрд ағаш отырғызылады. Бұл климат жөніндегі Париж келісіміндегі мақсаттарды орындауға көмектеседі. Ауқымды науқанның басталғанын ел премьер-министрі Скотт Моррисон Twitter-де хабарлады.

Астанада «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі сахналанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 27-28 ақпан күндері көрермен назарына әзербайжан ақыны, ойшыл Гәнжауи Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының премьерасын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Кезекте тұруды да зерттейтін ғылым бар - CNN
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кез келген адам күніне бірнеше рет кезекте тұрады. Кезек жылдам қозғалса, ұмытылып кетеді. Ал кезекте ұзақ тұрған адам ашулана бастайды. CNN басылымының жазуынша, кезекте тұруды зерттеп, адамдардың көп кезек күткенін елемейтіндей етуге тырысатын ғылым да бар екен.

Қарағанды облысында биылғы жылы дәрігерлерге 63 пәтер беріледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қарағанды облысында дәрігерлерге 63 пәтер беріледі. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының амбулаторлық-емxаналық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің жетекшісі Дана Байкенова мәлім етті, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай