
Шымкентте 78 жастағы велоспортшы Өзбекстанға сапарлап шықты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 78 жастағы велоспортшы Өзбекстанға сапарлап шықты. Кеңесбек Сейтімбетов көрші мемлекеттің тарихи Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларын аралап, екі ел ынтымақтастығын дәріптемекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы Астананы және Атырау облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шақты
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан. Зиянды жәндіктен 4 адам Конго-қырым қанды безгегін жұқтырып, бір науқас көз жұмған. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хорватиялық футболшылар ӘЧ-дағы табысын қайырымдылыққа беретіні жалған болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшелері 2018 жылғы Әлем чемпионатынан тапқан табыстарын түгел қайырымдылыққа аударатыны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік блогерлер жылына 10 млрд рубль табыс табады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Ресейде 15-17 мыңға жуық блогер бар. Олардың жылдық табысының жиынтық мөлшері 10 миллиард рубльге жетіп отыр. Бұл туралы РФ цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Астанада жыл сайын жүздеген ана мен сәби өлімнен құтқарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы босанатын әйелдер мен нәрестелерге шұғыл көмек қажет болған жағдайда барлық құрылымдар өзара нақты регламенттер бойынша жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министр Біртанов 26 млрд теңгені үнемдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірыңғай порталдың таныстырылымына қатысты. Аталған портал арқылы тегін медициналық көмекке кіретін дәрілер сатып алынатын болады. Бұған дейін осы жұмысқа тендерлік комиссиялар жауап берген еді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай