Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 363.26
EUR 420.11
RUB 5.54
CNY 52.45
Жекешелендіру жыры неге созылып кетті АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін елімізде жекешелендіру науқаны төрт рет ұйымдастырылды. Оның барысында мемлекеттік меншіктің біраз бөлігі жекеменшікке сатылды. Дегенмен, ондай сатылымнан әзірге тиімділік көрініп отырған жоқ. Сатылғанының орнына сан алуан ұлттық компаниялар мен холдингтердің құрылуымен отандық экономикада мемлекеттің үлесі қайтадан арта бастады. Ал мемлекеттің үлесі басым жерде монополияның қалыптасатыны белгілі. Сол себепті Қазақстан тағы бір жекешелендіру науқанын бастап, мемлекет қазынасы үшін артық жүктен құтылуға кіріскені белгілі. Алайда мемлекеттік аппарат ондай жүктен оңай құтылмайтын секілді. Қайтпек керек? Оны «сілкіп» түсіре алмаймыз. Бір жерде тұрып «секіруге» тура келетін тәрізді. Бүгінгі Үкімет отырысынан осыны ұққандаймыз.
ары қарай
Жоғары қарай