
«Астана Опера» ұжымы «Музыкалық отшашуды» ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні Камералық залда «Астана Опера» театрының керемет опера солистері мен шебер аспапшылары тыңдаушылар назарына жарқын әрі танымал туындылардан тұратын «Музыкалық отшашу» ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев фин парламентшілерімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Орталық Азия елдерімен достық парламенттік тобының төрағасы Вилле Скиннари бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент әкіміне әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан 300-ден аса сауал түсті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімдігі Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жаңа жобаны қолға алды. «Әкімге сұрақ қой» бірегей жобасына сәйкес тұрғындар бір ай көлемінде жексенбі күндері сауал қоя алады. Ал осы демалыс күні әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан 300-ден аса сауал түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаржы министрлігінің қазынашылық жүйесінде кадрлық өзгеріс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары болып Әлия Байгенжина тағайындалды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың тағайындау туралы бұйрығына 2018 жылдың 12 қаңтарында қол қойылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы аулаларды абаттандыруға 1,4 млрд теңге бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы елордада 160 ауланы жақсартуға 1,4 млрд теңге қарастырылған. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде бұл сома ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исеекшев ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған активдегі кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda Info.

Исекешев елордалық меморгандарға Жолдауды орындауға байланысты бірқатар міндеттер қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің активі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау туралы міндеттерін талқылады, деп хабарлайды Elorda Info.

Қазақстан-Қытай шекарасында құны 60 млн теңгенің контрабандалық заты тәркіленді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қалжат» өткізу пунктінде экономикалық тергеу қызметі облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің кеденшілерімен бірге аса ірі көлемде экономикалық контрабанданың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне сілтеме жасап.

Алматы облысының тұрғыны бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласының тұрғыны бір жыл бұрын адам өлтіргенін мойындады. 27 жастағы жігіттің айтуынша, ол өзінің туған ағасын пышақтап өлтіріп, жертөлеге көміп тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті мен Сауд Арабиясының Королі әлемдік мұнай нарығындағы ахуал жөнінде пікір алмасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев пен Трамп кездесуінің екі елге де маңызы айрықша - Ричард Хогланд
ВАШИНГТОН-АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп кездесуінде екі елдің алдағы 3 жылдағы дипломатиялық қарым-қатынасының бағыт-бағдары айқындалады. Мұндай пікірді қазақстандық бақ өкілдеріне сұхбат берген АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ричард Хогланд білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Вашингтоннан.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай