
«Оңтүстік» көліктік - логистикалық орталығында кедендік рәсімдеу де жүргізіледі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» көліктік - логистикалық орталығы мен Нұрсәт мөлтек ауданында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кіші Рой Джонс Айдар Шәрібаевтың айқасын тамашалайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік бокстың жарық жұлдызы 49 жастағы америкалық кіші Рой Джонс 12 сәуірде Индиода (АҚШ) Golden Boy Promotions-тың бастамасымен өтетін бокс кешіне құрметті қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА қазақстандық Diamond Ring промоутерлік компаниясының сайтына сілтеме жасап.

ОҚО-ның Мақтаарал ауданында жаңа әкім тағайындалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында жаңадан әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл қызметке Жамантай Бейсенбаевты тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Киберқатерлерге қарсы шараларға 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Киберқатерлерге қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шараларға 71,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Степногорскіде тыл ардагерінің 1,2 млн теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногорск қаласында тыл ардагерінің 1,2 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтыланған бюджетте бекітілген теңге бағамын өзгертуге негіз жоқ - Сүлейменов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жылдық нақтыланған бюджетте бекітілген теңге бағамын өзгертуге еш негіз жоқ. Бұл туралы Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясына бюджеттен 13 млрд теңге бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына республикалық бюджеттен 13 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай