Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

«Аралтұз» Ресейдің интернет кеңістігінде таралған ақпаратқа қатысты жауап берді

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Аралтұз» компаниясы өндіретін «Славяночка» тұзының құрамында шыны бар деген ақпарат жалған. Бұл жайында аталған компанияның ресми сайтында жария етілген ақпаратта айтылған деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания мәліметінше, соңғы уақытта интернет желісінде «Аралтұз» өндіретін өнімдерге қатысты негізсіз шабуылдар көбейіп кетті. Бұған қатысты ақпараттардың барлығы жалған. Одан кейін ақпараттық майдан ресейлік интернет-кеңістікте өршіп, «Аралтұз» өндіретін «Славяночка» тұзының құрамына шыны бар деген аудио және видео жан-жақты тараған.

«Аралтұз» АҚ соңғы уақытта әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми мәлімдейді. «Славяночка» тұзының құрамында адама ағзасына мүлдем зияны жоқ эпсомит пен астраханит сынды табиғи минералдардан тұратын ерімейтін тұнба бар. Қайта өңдеуге келетін шикізат экологиялық тұрғыда таза. «Аралтұз» АҚ-ның барлық өнімдері ЕАЭО аумағындағы тәуелсіз аккредителлен зертханаларда тексеріліп, сәйкестік декларациясын алады. Біз «Аралтұз» АҚ-ның ас тұзы экологиялық таза әрі әлемдік стандарттарға сай екендігін нық сеніммен айта аламыз», - деп атап өтеді компаниядан.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдақас Байғабылов Ресейдегі Қазақстан тұзына қатысты жарияланымдарға пікір білдірді. Сонымен қатар, ол «Аралтұз» өнімдеріне зертханалық зерттеулер жүргізілетіндігін ескертті.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Ресей, Қоғам, Интернет,
Жоғары қарай