Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 344.58
EUR 400.51
RUB 5.47
CNY 51.30

Аралда тұрғын үйдің құлау себебін арнайы комиссия тексереді

2018 жылдың 18 наурыз 2018 10:44 1358

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралда тұрғын үйдің құлау себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 наурыз күні Аралдағы Жароков көшесіндегі екіқабатты үйді бөліп тұрған бөлігі опырылып түскенін хабарлаған болатынбыз.

Ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде салынып, 90-жылдары тұрғын үй мақсатында пайдалануға берілген. 

Алайда, жергілікті басшылық тарапынан нысанның апатты екені бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, тұрғындар үйді иемденіп, қоныстанып алған. 20 пәтерлік екіқабатты үйде бүгінде 15 отбасы тұрады.

Бүгінгі таңда, оқиға орын алған жерде тиісті жұмыстар атқарылуда, 50 адам және 3 ауыр техника жұмылдырылды. 15 отбасының 8-і аудандық жастар ресурстық орталығына эвакуацияланды, қалған 7 отбасы ғимараттың қауіпсіз аумағында тұрып жатыр. Эвакуацияланған тұрғындар ыстық тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

 

 

Жоғары қарай