Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

АӨСШК Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетігіне айналды - Президент

2019 жылдың 15 маусым 2019 14:09

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетігіне айналып, құрлығымыздың тарихында жаңа кезеңге жол ашты. Бұл жайлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен АӨСШК саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Форум географиясының кеңеюі оның халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттырды. Бүгін АӨСШК - Азия аумағындағы 35 мемлекет пен ғаламшарымыздың тең жартысындағы халықтарды біріктірген беделді де көпжақты құрылымға айналды»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы АӨСШК-ны құру бастамасы Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті.

«1992 жылғы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-да Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы ұсынысы ғаламшарымыздың тарихындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашып, Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторына айналды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай