Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Анкара мен Вашингтон Түркияның Сириядағы операциясын тоқтатуға келісті

2019 жылдың 18 қазан 2019 08:23

АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – АҚШ және Түркия делегациялары Анкарадағы келіссөздер барысында Сириядағы Түркия Қарулы Күштері жүргізген «Бейбітшілік қайнары» терроризмге қарсы операциясы 120 сағатқа тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік», - деді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу.

Түркия мен АҚШ делегациялары YPG лаңкестерінің қолында тұрған ауыр қаруды жинауға, сондай-ақ, топтың позициясы мен бекіністерін жоюға келісті. Чавушоглу «Бейбітшілік қайнары» операциясының тоқтатылатын мәлім етті.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс Түркия мен АҚШ делегацияларының Анкарадағы келіссөздерінен кейін АҚШ YPG террористік ұйымының Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік аумағынан 120 сағаттың ішінде шығарылуын қамтамасыз ететінін мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз – алдағы 120 сағат ішінде YPG-ні шығару. Аталмыш процесс басталып кетті», - деді саясаткер.

Ол YPG Вашингтонға өз күштерін аймақтан шығаруға кепілдік бергенін атап кетті.

Сондай-ақ, Пенс Түркия мен АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы ДАИШ-ты түпкілікті жою мәселесі бойынша ортақ пікірге келгенін атап өтті.

Вице-президенттің айтуынша, Сирияның солтүстік-шығысында атыс тоқтатылған жағдайда АҚШ Түркияға қатысты шектеу шараларын жою мәселесін қарастырады.

Басты сөздер: АҚШ, Түркия,
Жоғары қарай