Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Анатолий Карпов жинаған ғарыш туралы сирек маркалар көрмеге қойылды

2019 жылдың 17 сәуір 2019 20:20 1192

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде «Ресей-Қазақстан - ғарыштық дәуірді тұңғыш ашқандар» пошталық маркалар көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғарыш кеңістігін игеруге арналған мыңдаған пошта маркалары шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Карповтың жеке коллекциясынан алынған.

«Ғарыш тақырыбындағы маркаларды алғашқы жерсеріктер ұшырылған 1958 жылдан бастап жинап келемін. Өзім де бала кезіміде ғарышкер-ұшқыш болуды армандадым. Осы күнге дейін 12 млн шақырым ұшыппын. Экватордың ұзындығы 40 мың шақырым десек, Жерді 300 рет айналып шықтым.1970 жылдары марка жинауды мықтап қолға алдым. Шахмат пен ғарыш маркаларын қатар жинадым. Қазір неше маркан жиналғанын өзім де білмеймін, санаған емеспін. Оның арасында алғашқы ғарышкерлердің, қазақстандық ғарышкерлердің қолтаңбалары бар. 1990 жылдары Қазақстан шығарған ғарыш пен Алматы туралы маркалар да бар», - деді шахматшы.


null 

Оның айтуынша, филателия - білім жинаудың бір жолы. Себебі, әір марканың тақырыбы бойынша, түрлі деректерді біле алады.

Шахматтан үш дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Анатолий Карповтың есімі филателистер арасында да танымал. Оның маркаларының құны 13 млн еуроға бағаланған. БҰҰ қызмет еткен 70 жылдағы атаулы күндерге арнап шығарылған маркалар топтамасы да тек қана Анатолий Карповта сақталған.


null 

Ғарыш маркаларының көрмесі 17 сәуірден 17 мамырға дейін жалғасады.


null 

 

 

Жоғары қарай