Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды

2019 жылдың 7 қараша 2019 10:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Анастасия Щегорцова бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституцияға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне кандидатураны Палата төрағасы ұсынады. Маған берілген құқықты пайдалана отырып, Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметіне Анастасия Геннадьевна Щегорцованың кандидатурасын ұсынамын. Анастасия Геннадьевна жоғары білімді маман. Елорда әкімдігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде басшы қызметтерді атқарды», - деді Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, А. Щегорцова соңғы жылдары ОСК-да қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау бөлімін басқарды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазан айында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату шешімі мақұлданды. Кейіннен ол Сот төрелігі академиясының ректоры болды.

Жоғары қарай