Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Анастасия Галееваның өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды

2019 жылдың 13 сәуір 2019 14:26 1066

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 22 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахметов айтты.

«Анастасия Галееваның өліміне күдікті деп танылған адам ұсталды. 1992 жылы туған жігіт қамаққа алынған. Ол - соңғы сәтте қыздың қасында болған үш адамның бірі. Кісі өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Көбейхан Нұрахметов.

Алматы облыстық полициясы екі айдан бері із-түссіз кеткен 22 жастағы бойжеткен Анастасия Галееваның мәйітін жақында тапқан болатын. Мүрде Іле ауданындағы Междуречинск  ауылына жақын арада  каналдың шлюздерінің бірінен табылған. Бұл істі облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Ұрұмханов  жеке бақылауына алды

Айта кетейік, Анастасия Галееваның денесі ертең, 14 сәуірде жер қойнына тапсырылады. 

 

Жоғары қарай