Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ана мен баланың өмірін қиған жол апаты: Ауруханада жүргізуші көз жұмды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 17:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бауыржан Момышұлы көшесінде болған жол-көлік апаты салдарынан көз жұмғандар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты кеше, 25 наурыз күні болған еді. «Toyota Land Cruiser Prado» мен «Hyundai»-дың соқтығысуынан екінші көлікте болған 37 жастағы әйел мен 3 жасар бала қаза болды. Қос көліктің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.

Бүгін белгілі болғандай, 38 жастағы Hyundai жүргізушісі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«1981 жылы туған жігіт 11:30-да ауруханаға шок жағдайында жеткізілген болатын. Басы жарылып, бас сүйегі мен миына жарақат алған. Өкпе диафрагмасы жыртылған. Сонымен қатар, бауыры зақымданып, ішке қан кету тіркелді. Пациент бірден отаға алынды. Сонда да оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады. Ол 26 наурызда таңғы 3:30-да көз жұмды», - деді №7 қалалық аурухананың баспасөз қызметінен.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қажетті сараптамалар тағайындады.

«Toyota Land Cruiser Prado» жүргізушісінің жағдайы туралы дәрігерлер әлі түсінік берген жоқ.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Аймақ, Оқиға,
Жоғары қарай