Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Америкалық журналист Головкинге «Канеломен» үшінші жекпе-жекте не істеу керектігін айтты

2018 жылдың 24 қыркүйек 2018 09:29 85

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Manila Times журналисі Конрад Кариньо Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек мүмкіндігін болжап, қазақстандық боксшыға кеңес берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Трилогия боксты әлдеқайда қызықты ете түседі, әсіресе алғашқы екі жекпе-жек төрешілердің өзара шешімімен аяқталған жағдайда. Мысалы, Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзер үш мәрте айқасқан. Мұхаммед Әли Кен Нортонмен де үш рет кездескен. Тіпті Бобби Чакон - Рафаэль Лимон және Мэнни Пакьяо - Хуан Мануэль Маркес жекпе-жектері бокста өшпес ізін қалдырып, төрт мәрте өткені белгілі. Головкин «Канеломен» үшінші кездесуде бар күшін салып жұдырықтасады, немесе қарсыласа отырып соққылайды. Соңғы нұсқа аздап қауіпті, себебі Головкиннің қозғала жүріп қарсы шабуылдай алатынына сенімді емеспін. Альварес екінші кездесуде Головкиннің ең қатты соққыларына төтеп бере алатынын көрсетті. Сондай-ақ, мексикалықтың денеден ұру әдісін пайдаланғанын көрдік. Ол мұнысымен Головкинді аң-таң еткені сөзсіз. Сондықтан үшінші кездесуде «Канело» үздік ойын көрсетсе, еш таңғалмаймын. Дегенмен, бокста әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін», - деді К. Кариньо.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай