Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Амандық Баталов Үкімет басшысына өтініш жасады

2019 жылдың 23 наурыз 2019 20:24

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов баспана мәселесі бойынша өтінішін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашов баян еткендей, биыл өңірде 784 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі.

«Биыл 784 мың шаршы метр баспананы саламыз. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 19 млрд 100 млн теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде кредиттік үй 42 мың шаршы метр болады. Сонымен қатар, қосымша 2,8 млрд теңгеге 8 көпқабатты үйді көпбалалы отбасыларға саламыз», - деді Ләззат Тұрлашов.

Осы сәтте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үкімет басшысына өз өтінішін білдірді.

«Асқар Ұзақбайұлы, жалға берілетін арендалық тұрғын үйлердің санын арттыру жөнінде өтінішімді білдіремін. Себебі, баспана кезегінде тұрғандар саны өте көп. Бізде жобалық-сметалық құжаттар дайын», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үкімет басшысы Асқар Маминге қарата айтқан сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Премьер-Министр Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Алдымен Асқар Мамин Қазақстан-Қытай шекарасында тауар айналымын ұлғайтуға, ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пункті және «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портының және өзге де нысандардың жұмысымен танысты.

Жоғары қарай