Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Күннің екінші жартысында Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің қарқыны 15-20, түнде 25 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жылдамдығы15-20 м/с болатын жел соғады.

3 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, шығыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай қаласында күндіз шығыстан жел тұрып, секундына 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

3 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Шығыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 4 сәуірде кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

3 сәуір күні Петропавл қаласында шығыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с болады. 4 сәуірде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

2, 3 сәуірде тәулік бойы Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында 2, 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Жоғары қарай