Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Алты аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бес аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме беріп.

5 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының көп бөлігінде қар жауады, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райының өзгерістерін қалт жібермей, метерологиялық ескертулер мен смс-хабарламаларға назар салып отыру керектігін ескертеді.

Автокөлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, алыс сапарларды кейінге қалдыра тұрған жөн.

«Төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112» бірыңғай қызмет көрсету нөміріне хабарласыңыз» деп мәлім етті комитеттен.

Жоғары қарай