Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алты алтын іздеуші карьерде ауа жетпей көз жұмды

2019 жылдың 6 тамыз 2019 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Джугу ауданында алтын өндірілетін карьерде жұмыс істеп жатқан алты алтын іздеуші оттегінің жетіспеуінен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Actualite порталына сілтеме жасап.

БАҚ-тан белгілі болғандай, заңсыз жұмыс істеген кеншілер дүйсенбі күні түнде «Ессіздік» атауымен белгілі карьерде қаза тапқан. Ол Джугу ауданына қарасты Мунгвалу ауылдық коммунадан жеті шақырымдай қашықтықта орналасқан.

«Бір құдықта жалпы 8 адам жұмыс істеп жатқан. Оттегінің жетіспеуінен осындай проблема туындаған. Екеуі көмек көрсетіліп, аман қалды, қалған алтауы оқиға орнында көз жұмды», - деді Мунгвалу ауылдық коммунасының басшысы Жан Пьер Бикилисенде.

Шахтаның полиция жасағы тергеу өткізу үшін оқиға орнына келді.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай