Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті таудағы өрт себебін түсіндірді

2019 жылдың 13 тамыз 2019 22:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков «Горельник» шатқалындағы өрт туралы түсінік берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Бүгін «Горельник» шатқалынан жоғары Титов асуынан оңтүстік батыста құрғақ ши өртенді. Тілсіз жау 30 шаршы метр болатын аумақты шарпыды. 2 шыршаны өрт шалды. Өрт сөндірілмеген оттан тұтанған сиякты. ТЖД қызметкерлері мен орман инспекторлары бірігіп, айналаны қазып шықты. Орманды қарауылдауға орман күзеті қалды. Өрт сөндіру процесін бақылау үшін Қазәуеорманқорғау мекемесінің барлаушы ұшағы тартылды», - деді ол.

Оның айтуынша, өрт туралы хабарламаны шатқалдан түсіп келе жатқан туристер хабарлаған.

«Біз оқиға орнына Іле Алатауы ұлттық паркінің атты патруль, орманшыларын жібердік. Ауаға авиация көтердік. Құтқару қызметінің тікұшақтарын дайындадық. Өртенген жер тым жоғарыда орналасқандықтан, ол жаққа жаяу патруль жіберілді»,- деді Ерлан Әлібеков.

Осыған байланысты ТЖД өкілдері тауға шыққанда от жағуды, темекі тұқылын тастауды доғаруды ескертті


Жоғары қарай