Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматының Орталық саябағы жаңартылады

2018 жылдың 22 мамыр 2018 12:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық мәдениет және демалыс саябағын аралап, қайта қалпына келтіру жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық саябақты басқарушы компания қайта қалпына келтіру үшін 1,6 млрд теңге жеке инвестиция бөлген. Аталған компания басшысы қала әкімін саябаққа жүргізілетін қайта жөндеу жұмыстарының жоспарымен таныстырды.

«Жаңарған саябақ аймақтарға бөлінеді, мұнда тегін скейтодром, воркаут және командалық ойындар алаңдары бар спорт аумағы, балалардың жаңа қалашығы пайда болады. Жаңа әрі заманауи аттракциондар жасалады. Таяу арада тротуарларды жөндеу басталады, жарық көздері орнатылып, су бұрқақтары жаңарады. Заманауи талапқа сай келмейтін сауда нысандары алынып тасталады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша сонау 90-шы жылдан бері жұмыс істемей тұрған «Велотрек» қайта жөнделеді» - деді компания басшысы.

Сонымен қатар ол қосымша ағаштар отырғызылып, қала саябағының ортасындағы көлік тұрағын жабу есебінен асфальтбетон төселген аумақ қысқаратынын айтты.

Құрылыс жұмыстары келушілерге қолайлы болу үшін кезеңге бөлініп жасалды.




null


null

Арайлым Жолдасбай

Басты сөздер: Әкім, Туризм, Құрылыс, Алматы,
Жоғары қарай