Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Алматының орталық көшелерінен веложолдар алынып тасталады

2019 жылдың 19 тамыз 2019 17:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов брифинг барысында қаладағы велосипед жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қонаев көшесінің сол жағындағы велосипед жолы, кәсіпкерлердің жұмысына өз кедергісін тигізіп жатыр. Егер жодың төмен жағына қарасаңыз, онда көптеген бизнес кәсіпорындары орналасқан: дүкендер, мейрамханалар, шаштараз және тағы басқасы. Байтұрсынов көшесінде де дәл осындай жағдай. Онда Никольский базары тұрып қалды. Барлық дәлелдерді таразылауымыз керек. Пікірталас пен ұсыныстар болды. Сөйтіп, Байтұрсынов пен Қонаев көшелерінің бір жағынан веложолдарды алып тастау керек деген қорытындыға келдік», - деді Алматының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов арнайы баспасөз мәслихатында.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай