Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Алматының дәл ортасында үш жігіт жасөспірімді тонап кетті

2019 жылдың 3 тамыз 2019 18:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 16 жастағы жасөспірімге тап берген үш жігіт ұсталды. Үшеуі жас баланың ұялы телефонын тартып алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыс қаланың дәл ортасында – Медеу ауданының көпқабатты үйлерінің аумағында тіркелген.

«Олар өз жайымен кетіп бара жатқан жасөспірімді көріп қалып, оның затын тонап кетпек болған. Алайда баланың қалтасында тек ұялы телефоны болған. 19 және 20 жастағы үш жігіт зорлықпен әлгі баланың «Galaxy J4+» маркалы ұялы телефонын тартып алған», - деді Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Болат Тотыбаев.

Зардап шеккен баланың әкесі ақыры полицияға арыз түсірген. Осыдан кейін-ақ жедел күштер қарақшыларды ұстауға жұмылдырылған. Жәбірленушіге келтірілген зиян 80 мың теңге екені белгілі болып отыр.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінң 191-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған үш күдіктінің есімдері белгілі болды. Үшеуі де Алматы қаласының Полиция департаментіне қарасты уақытқа оқшаулағышына қамалды.

Жоғары қарай