Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Алматының әл-Фараби даңғылында бұрыңғы жылдамдық не үшін қайтарылды

2019 жылдың 19 тамыз 2019 19:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында әл-Фараби даңғылында сағатына 80 км жылдамдықпен жүруге рұқсаттың қайта берілуі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әу баста қаланың бас жоспары мен жобаларға сәйкес Шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 80 км болады деп есептелген. Бұл, 2008 жылы бекітілген Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді. Үкімет қаулысымен қабылданған бас жоспарда жоғары жылдамдықты үш автомобиль жолы айқындалды: Алматының үлкен айналма жолы, Талғар трассасынан келетін Ортаңғы айналма жол және Шығыс айналма жолындағы Кіші айналма жол», - деді әкімдікте өткен брифингте Алматы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алшан Рахманов.

Оның айтуынша, әл-Фараби даңғылының өткізу қабілеті күніне 100-200 мың автомобильді құрайды. Жылдамдықты төмендетудің әсері қоршаған ортаға және экономикаға кері әсерін тигізеді.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап қаладағы апаттар санын азайту, сондай-ақ жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Шығыс айналма жолы мен әл-Фараби даңғылы, Саин көшесінде жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа төмендетілген болатын.

Бүгінде билік көпшіліктің сұранысын ескере отырып, әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында сағатына 80 км жылдамдықпен жүруге қайта рұқсат берілетінін мәлім етті.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Әкімдік, Аймақ,
Жоғары қарай