Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Алматылық кардиологтар 69 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 14:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық тұрғын қалалық кардиологиялық орталық мамандарына жиі ентігіп, ауа жетпей қалатынын айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулығына шағымданған әйелді дәрігерлер дереу эхокардиографиядан өткізді, нәтижесінде миксома - жүрек ісігі анықталды. Яғни сол жақ атриум жүрегінің қатерлі ісігі. Ісік митральды қақпақшаны жауып қалуға аз қалған.




«Ісікті операциялық жолмен шұғыл алып тастау керек болды, әйтпесе ісік митральды қақпақшаны жауып тастар еді. Бұл өлімге әкеледі», - деді Алматы қалалық кардиология орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев.

Операция жасанды жолмен қан айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қойып жасалды. Дәрігерлер осы уақыт ішінде ісікті алып тастады. Жалпы, ота 2 сағатқа созылды.

Бүгінгі күні науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы тұрақты, оны ауруханадан үйіне шығаруға дайындап жатыр.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Медицина, Алматы,
Жоғары қарай