Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Алматыға жер сілкінісін ескертетін 25 станса қажет - Бақытжан Сағынтаев

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 19:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен Алматыда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқыладық. Сасаки мырза — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты», - деп жазды Алматы әкімі Instagram -дағы парақшасында.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы сейсмология Институты мамандарының мәліметіне сәйкес қалада 25-35 станса орнату қажет.

Айта кетерлігі, қауіпті ескертетін заманауи жүйелер – сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шараларді ажырамас бөлігі.


Жоғары қарай