Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 340.27
EUR 396.31
RUB 5.39
CNY 52.39

Алматыдан түні бойы 4691 текше метр қар шығарылды

2018 жылдың 14 қаңтар 2018 10:50 1356

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы коммуналдық қызметтері түні бойы жауған қарды тазалаумен айналысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауған қардың биіктігі қалада 6 см, таулы жерлерде 10 см дейін жетті.

Қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні 4691 текше метр қар шығарылды.

Түнгі уақытта жолдарға мұз ерітетін 2800 тонна қоспа себілді.

Қар тазалау жұмыстарына түнде 534 арнайы техника, 2213 адам жұмылдырылды. Күндіз қосымша 603 техника шықты.

«Казгидромет» РМК болжауынша, қар 16 қаңтарға дейін жауады.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылатын болды.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай