Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматыдан 371 км қашықтықта жер сілкінді

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 02:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2020 жылдың 26 қаңтарында 01 сағат 49 минут 35 секундта зілзала тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласының оңтүстігіне қарай 371 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10,4. MPV магнитудасы – 4,7. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ» , - делінген ақпаратта.

Басты сөздер: Жер сілкінісі,
Жоғары қарай